Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды

Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Фото: depositphotos.com\көрнекі сурет

Алматыда қоқыс өңдеу кезінде полиэтилен пакетке салынған адам денесінің бөліктері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Криминальный Казахстан" Телеграм-арнасының мәліметінше, 2 қаңтарда Green Recycle ЖШС қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында полиэтилен пакетке оралған 68 жастағы әйелдің бөлшектенген денесі табылған. Дененің басы мен аяқтары жоқ екені айтылды.

Алматы тұрғыны өзінің туған әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектегені анықталды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қылмыс ізін суытпай ашылғанын мәлімдеді. Күдікті қамауға алынды.

"67 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы туындаған келіспеушіліктер негізінде туған әпкесін қатыгездікпен өлтіргені үшін ұсталды және қамауға алынды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан