Алматыда “Көктөбе“ телемұнарасы маңында өрт шықты

Алматыда "Көктөбе" телемұнарасы маңында өрт шықты. Куәгерлер жалын мен қою түтінді көрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД хабарлауынша, жеке үй өртенген.

"13:21-де күш пен құралдар Медеу ауданы, Сапарғали Бегалин көшесіне жеке үйдің өртенуі туралы хабарлама бойынша аттанды. Оқиға орнына АӨБ-5, АӨБ-2 және ӨБ-7 бөлімшелерінің өртсөндірушілері жіберілді", – делінген департамент хабарламасында.

Кейін ТЖД шаруашылық құрылысы жанып, от екі қабатты үйдің шатырына өткенін нақтылады. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті.

"Оқиға таулы аймақта болғанына қарамастан, бөлімшелер белгіленген норматив уақыт ішінде жетті", – деп қосты департаменттен.

Айта кетейік, бүгін ТЖМ Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрттің оқшауланғанын хабарлады. Қоқыс алаңы бір аптаға жуық уақыттан бері өртеніп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!