- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда киім ауыстыратын...
Алматыда киім ауыстыратын бөлмеде оқушылар қысылып қалған: директор қызметінен кетті
Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің біріндегі жағдайдың видеосы тарады. Кадрларда оқушылар қысылып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода оқиға мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болғаны айтылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қаласының білім басқармасы мәліметінше, бұл - №41 мектепте болған оқиға. Мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты - 870 орын.
Ведомство өкілдері осы мектепте орын тапшылығы проблемасын шешу үшін 2023 жылы Самғау шағынауданында 2000 орындық мектептің құрылысы басталғанын мәлімдеді.
"27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі - осы күні оқушылардың киіну процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры атқаратын қызметінен босатылды", - деп жазылған мәліметте.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова