Алматыдағы кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.
1 маусымнан бастап Алатау, Бостандық және Алмалы аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл ретте Әуезов және Медеу аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс кестесіне (жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін) ауысады.
Енді алматылықтар мемлекеттік қызметтерді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша ала алады:
Бұл ретте кезекші арнаулы ХҚКО мекенжайлары өзгеріссіз қалады:
Кезекші мамандар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағта 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбіде 13:00-ге дейін қабылдайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!