- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда кейбір көшелерде...
Алматыда кейбір көшелерде уақытша су тоқтатылады
Алматыда кейбір көшелерде уақытша су тоқтатылады. Өйткені Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында шыққан апатты жою жұмысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көліктер жүретін Рысқұлов даңғылының жүру бөлігінің Герцен көшесімен қиылысатын тұсындағы екі жолағы қозғалыстың батыс жағына қарай уақытша жабылды. Сондықтан мына көшелерде орналасқан әкімшілік ғимараттар мен үй құрылыстарына су беру уақытша тоқтатылады:
- Сүйінбай-Баянауыл-Шемякин-Хмельницкий;
- Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев;
- Айша бибі, Атырау, Шуақты шағынаудандары.
Бұл мекенжайлар мен шағынаудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.
Қаланың басқа аудандарында суды өшіру жоспарланбаған.
"Бұл жұмысқа 16 техника жұмылдырылған. Герцен көшесі бойымен өтетін магистраль су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген. Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес, сонымен қатар, нысандардың жабдықтары да тозған. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 шақырым болады, оның ішінде 1941,2 шақырымын ауыстыру қажет етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, "Алматы Су" МКК диспетчер қызметінің телефондары: 274-66-66, +7 771 852 91 01
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова