Алматының Бостандық ауданында кейбір көшелерде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз 06:00-ге дейін мына көшелер жабылады:
- Әуезов көшесі - Мыңбаев көшесінің қиылысы
- Жароков көшесі - Мыңбаев көшесінің қиылысы
23–24 тамыз сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін:
- Гагарин даңғылы - Мыңбаев көшесінің қиылысы
25 тамыз сағат 09:00-ден 26 тамыз 06:00-ге дейін:
- Розыбакиев көшесі - Мыңбаев көшесінің қиылысы
25-28 тамыз аралығында:
- Тұрғыт Озал көшесі, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы бөлік

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова