Алматының Бұқар Жырау бульварында 1983 жылы пайдалануға берілген құбыр жаңартылады. Осыған байланысты кейбір жолдарда қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпы ұзындығы 1,3 шақырым болатын жылу трассасы 200-ден аса қалалық нысанды жылумен қамтамасыз етеді.
"Жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар Жырау бульвары бойынша Сергей Марков көшесінен Римский-Корсаков көшесіне дейін оңтүстік жағынан көлік қозғалысы ішінара жабылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және осы учаскені айналып өту үшін алдын ала балама маршруттарды қарастыруды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл қала бойынша 35 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова