Алматыда патруль полиция қызметкерлері жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кептеліс кезінде жергілікті тұрғын полиция қызметкерлері Нұрлан Исмаилов пен Әділет Нематовтен көмек сұрап жүгінген.
"Әріптесім екеуміз Сейфуллин даңғылында қызметте болдық. Жанымызға көлік келіп тоқтады, жүргізуші толғағы басталған жүкті әйелін алып бара жатқанын айтты. Оларды перзентханаға дейін жеткізуін өтінді", - деді Әділет Нематов.
Екі көлік қаланың басқа жағындағы №3 перинаталдық орталыққа санаулы минуттарда жетті.
"Полицейлердің арқасында біз барлық кептелістен қауіпсіз әрі жылдам өттік. Жарты сағаттан кейін әйелім босанды. Бұл - менің үшінші қызым. Мен полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын. Әйелім мен қызым қазір үйде, бәрі жақсы", - деді, Рустам есімді алматылық.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың тұсауын неге ала жіппен кеседі?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!