- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда келер жылы...
Алматыда келер жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 18 тұрғын үй салынады
Келер жылы Алматыда әлеуметтік бағдарламалар бойынша 18 тұрғын үй салынады.
Телеарнаның мәліметінше, Алматыда соңғы 7 жылда 440 нысан салынып, қолданысқа берілген. Енді қалалық құрылыс басқармасындағылар келер жылы әлеуметтік бағдарламалар аясында 18 тұрғын үйдің бой көтеретінін айтып отыр.
"Қазіргі таңда объектілердің барлығы қолданысқа берілген. 440 нысан салынды. Оның ішінде 120-сы білім беру, 45-і денсаулық сақтау, 26-сы әлеуметтік жоба бойынша бой көтерген нысандар. 254 тұрғын үй салынған", — деді Алматы қаласы Құрылыс басқармасы жетекшісінің орынбасары Асқар Мапаев.
Айта кетейік, келешекте құрылысты салу барысында жаңа жүйе қолға алынады. Мамандардың сөзіне қарағанда, Алматы қаласына қосылған аймақтардың инфрақұрылымын көтеру мақсатында жобалар дайындалып жатыр. Бұл білім беру ошақтары, денсаулық сақтау және медициналық көмек көрсету орталықтары да бой көтереді деген сөз.
Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар елімізде баспаналардың әр шаршы метрінің шетелдік валютадағы бағасының 12 пайыздан жоғары мөлшерге төмендегенін айтқан. Олардың айтуынша, бастапқы нарық қосалқы нарықты құлатуы мүмкін, себебі мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан үйлердің бағасы қосалқы нарықтағы бағадан бірнеше есеге төмен.
Дереккөз:tengrinews
С. Ерсін