- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ҚДСБ басшысының...
Алматыда ҚДСБ басшысының орынбасары қызметінен босатылды
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйлықақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған болатын. Осыдан кейін Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тексеріс басталды.
Г. Досымшалова