- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қазақстандықтардан 15...
Алматыда қазақстандықтардан 15 миллион теңге жымқырған ресейлік ұсталды
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қазақстандықтардан 15 миллион теңге жымқырған ресейлік ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің сөзінше, ер адам Алматыда ұсталған.
Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленушіге белгісіз біреу "банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз" деп алдаған. Кейін ол жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажетін айтқан. Жәбірленуші алаяқтарға 5,2 миллион теңгеден аса қаражат жіберген.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
"Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматыдан 22 жастағы ресейлік ер адам ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған ер адамның Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге", - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дененің жүрген жолы дегеніміз не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек