Алматыда Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленді (видео)

Алматыда Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленді (видео)
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда бір реттік cалмағы 13 тонна 183 келі болатын кокаин партиясы тәркіленді. Бұл - республика тарихындағы ең ірі кокаин партиясы.

"Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget