Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімге базарда қайыр сұратқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Сот мәліметінше, жасөспірім азаматтарды қайырымдылыққа шақырып, шу шығарып, қоғамдық тәртіпті, әкімшілік заңнаманы бұзған.
Бұл іс бойынша қор директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сот отырысы
Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайды растады.
"Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, 196 мың теңгеден аса айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова