- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қайтыс болған...
Алматыда қайтыс болған сарбаз туралы тың ақпарат шықты
ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев 21 жастағы қатардағы жауынгер Макаров тапаншасынан өзіне-өзі оқ атқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Оң қолындағы тапанша, оң жақ самайы, бәрі өзін-өзі жарақаттағанын көрсетеді. Оның жанында ешкім болған жоқ, сондықтан мен қазір ешқандай болжам мен дәлел келтіре алмаймын. Бір нәрсені айта аламын: оның өлімі әскери қызметпен байланысты емес", - деді Әлкешев.
Қайғылы оқиға қатардағы жауынгер Абылай Сабыров стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған кезде болды.
Марқұм әскери борышын Батыс Қазақстан облысында өтеген. Ал Алматыдағы 36-50 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметке кіріскеніне жеті айдан асқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова