Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған Double Tree by Hilton қонақүй кешені сатылымға шығарылды. Нысанның бастапқы құны - 12,7 миллиард теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нысанды сатқалы жатқан мекеме - Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.
sauda.e-qazyna.kz
Лот сипаттамасында қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метр болатыны және ол Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқаны айтылған.
sauda.e-qazyna.kz
Нысан 0,2581 гектар жерде орналасқан. Жер учаскесі жекешелендіру нысанының құрамына кірмейтіні және оның бағалау құнына енгізілмегені, алайда заңнамаға сәйкес сатып алушыға өтетіні айтылған.
Қонақүйдің бастапқы бағасы - 12 759 410 000 теңге, аукцион бағаны көтеру әдісі бойынша өтеді. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады.
Айта кетейік, DoubleTree by Hilton қонақүйі Қайрат Сатыбалдыұлының активтерімен байланыстырылады. Бұған дейін Алматы қалалық мемлекеттік мүлік департаменті қонақүй 2023 жылғы 18 қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы мен ведомство арасында жасалған сыйға тарту шарты аясында мемлекет меншігіне өткенін хабарлаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова