Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші ұсталды

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші ұсталды
Фото: ІІМ

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрескел құқықбұзушылық түнде қаладағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағында болған. Жүргізуші көлікпен дрифт жасап, қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзған, жол қозғалысы ережелерін елемеген, жол жабынына зақым келтірген.

Полиция қызметкерлері оны жедел түрде ұстады.

"Оған заңнамада көзделген әкімшілік шаралар қолданылып, жиналған материалдар сот қарауына жолданды. Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget