Алматыда кәуәпхана түгі қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар өртті сөндірді.
"Бүгін таңертең Бостандық ауданындағы мейрамхана аумағында 30 шаршы метр жерде жеке тұрған кәуәпхана жанып кетті", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштері жақын орналасқан нысандарға өрттің таралу қаупін қысқа уақыт ішінде жойды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде ауыздықталды.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!