Алматыда кәсіпкерлерге "көмектескен" әкімнің орынбасары ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерге "көмектескен" әкімнің орынбасары ұсталды
Фото: Антикор

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты істі тергеп жатыр.

"Ол жергілікті кәсіпкерлерден скөлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ақша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы "қамқорлыққа алуға" жәрдемдесуге арналған", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz