• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда қашан күн жылиды?

Алматыда қашан күн жылиды?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы мен Астанада 29-31 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы

29 наурызда Алматыда құбылмалы бұлтты болады, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 9-11 градус жылы болады.

30 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады.

31 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Астанадағы ауа райы болжамы

29 наурызда Астанада да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы болады.

30-31 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget