- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қару асынып,...
Алматыда қару асынып, тұрғындарды шошытқан ер адам қанша жылға сотталуы мүмкін?
Алматыда тұрғын үйде қарумен жүрген күдікті бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев айтты.
Құзырлы орган өкілдігінің мәліметінше, іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 10 шілдеде сағат 22.00 шамасында "Алатау сити" тұрғын үй кешенінің 37 жастағы тұрғыны "Вепрь" маркалы атыс қаруын алып бірнеше рет оқ атқан болатын. Ешкім жараланған жоқ. Полиция департаменті оның бұл әрекетін отбасындағы жанжалмен байланыстырып отыр. Алыс сапардан келген жүк көлігінің жүргізушісі әйелімен сөзге келіспей қалған.
С. Сатыбалдина"Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ер адамның іс-әрекетін ақтауға келмейді. Себебі ол ықшамауданда 2 мыңнан астам азамат тұрады. Қару ұстауға, сақтауға оның рұқсат қағазы бар. Бірақ орынсыз қару қолдану, көпшіліктің үрейін алу тергеу кезінде сарапталады", - деді Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.