Алматы қаласы Алмалы аудандық соты қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған А., К., С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Cотталушылар шетелдік азаматтармен сөз байласып (оларға қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген) болашақ инвесторларға ақша операцияларын бақылай алатындай интернет-платформасын құрды.
Клиенттер әлеуметтік желілерде жарнамалау, кітапшаларды тарату, онлайн тренингтер өткізу, инвестициялық компания ретінде жобасын позициялау және әрбір инвесторға салынған соманың 5-тен 15 пайызға дейін ай сайын алатынына уәде беру арқылы тартылған.
"Бірақ қаржылық пирамида стандартты жүйеде айналды: бұрынғы инвесторлар дивидендтерді кейінгілердің есебінен алды. Алаяқтық барысында 13 адамға жалпы сомасы 59 894 237 теңге материалдық шығын келтірілген. Тараптардың ұстанымы Сотталушылар кінәларын мойындамады. Жәбірленушілердің кейбірі сотталушыларға материалдық талаптары жоқтығын айтса, төртеуі соттан материалдық шығынды өндіруді сұрады. Прокурор сотталушыларды 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады", - делінген сот таратқан хабарламада.
Сот үкімімен А., К., С. қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылып, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып, сотталушы А.-ның жас баласының болуы, сотталушы К.-ның егде жасы және барлық сотталушылардың соттылығының болмауы танылды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!