• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда қараусыз қалған аурухананы жөндеу жұмысы неге тоқтап қалды?

Алматыда қараусыз қалған аурухананы жөндеу жұмысы неге тоқтап қалды?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы әкімі Ерболат Досаев бұрынғы оқу-клиникалық орталық ғимараты қашан жөнделетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда Абай даңғылы мен Масаншы көшесінің қиылысында орналасқан бұрынғы оқу-клиникалық орталық ғимараты балаларды оңалту орталығы болып қайта жаңартылады. Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жобаға қатысты пікір білдірді.

"Жетісу сәулет құрылыс" ЖШС әзірлеген бастапқы жоба сараптамадан өтпеді, сондықтан жұмыстың басталу мерзімі өзгерді. Бүгінде жаңа жоба әзірленді. Жоба мемлекеттік сараптамадан шыққаннан кейін мердігер ұйымды анықтау бойынша байқау өткізіліп, содан кейін тікелей құрылыс-монтажу жұмыстары басталады", - деді мегаполис әкімі.

Бір ауысымда 250 келушіге арналған орталық тірек-қимыл аппараты аурулары, балалардың церебралды сал ауруы, сөйлеу патологиясы, сондай-ақ ақыл-ой дамуының ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларды кешенді оңалтуға арналған.

Нысан сәулет ескерткіші болғандықтан, заманауи материалдардан қасбеттің бастапқы көрінісі қалпына келтірілмек.

Айта кетейік, аурухана 1948-1950 жылдары сәулетші М.Кудрявцевтің жобасымен салынған. Ертеректе аурухана теміржол ауруханасы деп те аталған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget