- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда карантин шектеулері...
Алматыда карантин шектеулері ұзартылды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыға сәйкес, карантин шектеулері 12 сәуірге дейін ұзартылды.
Қаулыға Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайының одан әpi нашарлауы, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында және мектеп жасындағы балалар ауруының жоғарылауына байланысты қол қойылғаны айтылады.
Карантин шектеулері эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзартылып отыр. Жандарбек Бекшиннің қаулысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Н. Үсенова1) Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО және техникалық жэне кәсіптік білім беретін ұйым студенттері үшін қашықтан оқыту форматына көшіру;
2) Ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарындағы 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілсін;
3) Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің cақталуына күнделікті мониторинг жүрізуді қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.