Алматыда қарақшылар курьерге шабуыл жасап, несие алуға мәжбүрлеген

Фото: Видео кадры

Полиция қызметкерлері Алматының Алмалы ауданында қарақшыларды ұстады. Екі жас жігіт өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, зорлық-зомбылықпен қорқытып, оны несие алуға мәжбүрлеген және ақшаны иемденген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті де қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас бірнеше қылмыстық эпизодтарға қатысы бар екені белгілі болды. Осыған байланысты күдіктілердің жеке басы мұқият тексеріліп жатыр", - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің басшысы Батұржан Әбдумасаров.

Сондай-ақ тергеу аясында ұрланған мүлікті жәбірленушілерге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан