- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қар көшкіні...
Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматыда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер 20 наурызда қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасады.
"Қардың еруіне, тұрақсыз ауа райына және қар жамылғысының жоғары тереңдігіне, сондай-ақ, жауын-шашынға байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар. Демалушылар мен туристердің өтуіне, көліктердің қар көшкіні қаупі бар аймақтарға өтуіне шектеу қою үшін қауіп бар аймаққа кіруді шектеу үшін бақылау-өткізу пункттері орнатылды", - делінген хабарламада.
- "Аюсай" өзендер алабында;
- "Үлкен Алматы" өзендер алабында;
- "Эдельвейс" өзендер алабында;
- "Кіші Алматы" өзендер алабында;
- "Шымбұлақ" ТШК бақылау-өткізу пункттері қойылды.
"Қазселден қорғау" мамандары наурызда "ылғалды" қар көшкіні болатынын, қар көшкіні астында қалғандар аман шықпайтынын айтты.
ТЖД және "Қазселден қорғау" алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына тауға серуендеуден бас тартуға кеңес береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек