Алматылықтарға қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде жауын-шашынның көп болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін екенін айтты. Қала тұрғындары мен қонақтарына қар басқан беткейлерге шығуға кеңес берілмейді.
"2024 жылғы 13-15 наурызда күтілетін қатты жауын-шашынға, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Тауда сақ болыңыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!