Алматыда қар жауып жатыр: қаладағы жағдай қандай?

Алматыда қар жауып жатыр: қаладағы жағдай қандай?
Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін түнгі сағат 12-ден бастап Алматыда жаңбыр, ал таңғы сағат 5-тен бастап таулы және тауға жақын аудандарда қар аралас жаңбыр, сағат 7-ден бастап қаланың өзінде қар жауа бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, жауын-шашын таңғы 10-ға дейін жалғасады болжанып отыр. Таңертеңгі 9-дағы мәлімет бойынша қалада 4 мм жауын-шашын, ал Шымбұлақта 0,5 см қар түсті.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, күндіз 565 арнайы техника мен 1069 жұмысшы жұмылдырылған.

Арық өткелдерінің бітелуінің алдын алу және су басу мәселесін жою үшін мотопомпа, багр және басқа құралдармен жабдықталған 32 жедел мобильді бригада кезекшілік етеді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, су басу оқиғасы тіркелмеген. Көктайғақтың алдын алу мақсатында Бостандық және Медеу аудандарының жоғарғы бөлігінде 120 құмшашқыштың көмегімен көктайғаққа қарсы материалдар себілді.

Таңертеңгі сағат 9-ға дейін 55 тонна материал пайдаланылды. Таңғы сағат 5-тен бастап 30 "Эпока" техникасы арқылы қаланың жоғарғы аудандарындағы жолдар (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, ШААЖ, Садықов, Асқаров, Дулати көшелері және т.б.) көктайғаққа қарсы реагенттермен өңделді. Барлығы 85 текше метр мұзға қарсы ерітінді қолданылды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жауын-шашын таңғы 10-ға таман тоқтайды. Әрі қарай айтарлықтай жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +2…+4 градус болады.

Еске салайық, бұған дейін 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова