Алматыда қар жауып жатыр: қаладағы ахуал қандай?

Алматыда қар жауып жатыр: қаладағы ахуал қандай?
Фото: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Алматыда бүгін, 8 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тен бастап бастап қар жауып жатыр. Ауа райының өзгеруіне байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап. 

Күндізгі кезеңде 609 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

сурет: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізіліп жатыр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1480 тонна пайдаланылды.

64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

сурет: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес қарды тырмалау әрбір 5 см жаңа жауған қардан кейін жүргізіледі. "Қазгидрометтің" мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.

Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды.

Қарды жол жиегіне сыпырғаннан кейін жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес колонналар құрылып, қар шығарылады.

сурет: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Қар жауғаннан кейін жолдардың, тротуарлардың, пандустардың шекаралас бөлігін қардан толық тазарту жүргізіледі.

Аудан әкімдіктерінде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша бүгін түстен кейін де қар жауады. Ауа температурасы -3, -5°С, одан әрі 9 желтоқсандағы түнгі кезеңде -11...-13°С дейін төмендейді. Ал 9 желтоқсанда жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6...-8 °С құрайды.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" еліміздегі бірқатар аймақтарда ауа райы суиды деп хабарлаған болатын

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz