Синоптиктер 18, 19 және 20 желтоқсанда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 желтоқсан – көшпелі бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 16–18, күндіз 12–14 градус аяз.
19 желтоқсан – көшпелі бұлтты, күндіз қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 6–8 градус аяз.
20 желтоқсан – бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 метр. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 6–8 градус аяз.
18 желтоқсан – көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы.
19 желтоқсан – көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, боран, тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 3–5 градус аяз.
20 желтоқсан – көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8, екпіні 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 0–2 градус аяз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!