2024 жылғы 19 наурызда Алматының Алмалы аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкердің ісіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істі Алматының арнайы прокурорлары тергеді.
Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.
"Заңсыз әрекеттерінің салдарынан үш жәбірленушіге тән азаптары келтірілген. Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды", - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!