- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Қаңтар оқиғасы...
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды
2024 жылғы 19 наурызда Алматының Алмалы аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкердің ісіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істі Алматының арнайы прокурорлары тергеді.
Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.
"Заңсыз әрекеттерінің салдарынан үш жәбірленушіге тән азаптары келтірілген. Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды", - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан