Алматыда Қаңтар кезінде өртенген медиаорталық қалай өзгереді?

Алматыда Қаңтар кезінде өртенген медиаорталық қалай өзгереді?
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда "Қазақстан" жаңа медиаорталығының құрылысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда "Қазақстан "РТРК" АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Әкімдік мәліметінше, бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60%-ы орындалған.

"Құрылыс 93,3%-ға Алматы қаласының бюджеті есебінен (22,2 млрд теңге) қаржыландырылады. Құрылысты аяқтау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.

Алматы құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес, болашақ медиа орталық заманауи телестудиялармен, дыбыстық павильондармен, монтаждау залдарымен және іскерлік іс-шараларға арналған кеңістіктермен жасақталады.

"Техникалық жарақтандыру халықаралық деңгейде телевизиялық және кинематографиялық контент жасауға, сондай-ақ, цифрлық форматтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи, технологиялық медиаорталық болады", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget