• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда қамауға алынған блогерлердің кім екені белгілі болды

Алматыда қамауға алынған блогерлердің кім екені белгілі болды
Фото: Видео кадры

Алматы полициясы бүгін, 23 қаңтарда екі блогерді ұстағанын хабарлады. Олар ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz порталының жеке дереккөзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дамир Көшеев пандемия кезінде Instagram-дағы блогын велосипедпен саяхатшы ретінде бастаған. Кейінгі бір-екі жылда Көшеев Instagram-парақшасында шенеуніктер, полиция және прокурорлар туралы видеолар жариялап жүрді.

Ол жуырда Алматыда қауіпсіздігі ең төменгі режимдегі колония мен бостандықта жүрген сотталушыны сынап, видео жариялады.

Бұған дейін Дамир Көшеевтің парақшасында Алматы полицейлерінің "айыппұл салу жұмыстарын күшейту" туралы ақпаратты рация арқылы бір-біріне таратып жатқаны жазылған видеоны бөлісті.

Кейінірек БАҚ Көшеевті Алматы прокуратурасының ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алғанын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ruslan__almatinec

Блогер Руслан Кәрімов Алматыда бөтелкедегі судың қалай өндірілетіні туралы сериялық видеоларынан кейін таныла бастады. Ол кейбір бөтелкедегі су құятын өндіріс орындарын және олардың заңсыз әрекеттерін жария етті. Сондай-ақ ол кішкентай мүгедектігі бар ұлының судан уланғанын жиі айтып жүрді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ruslan__almatinec

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, блогерлер жәбірленушінің өтініші бойынша 10 миллион теңге алған кезде ұсталған.

"Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған", - деп хабарлады полиция.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget