Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа айналған қалта ұрылары күніне 1 миллионнан тауып отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы мен 11 мүшесі, өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көліктерді торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды.
Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті табысы шамамен миллион теңгені құраған.
Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, сотталды.
ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз