Қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі жаңа экскаваторлармен, автокрандармен, самосвалдармен және басқа да арнайы машиналармен жаңартылды, олардың бір бөлігі Қазақстанда шығарылған әрі сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейді, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Алматы Жылу желісі» ЖШС-нің автопаркі 200 техника бірлігінен тұрады, 30%ға жаңарды, яғни 630 млн. теңгеге 61 арнайы техника бірлігі алынды. Қатқыл тұрмыстық қалдықтарды жинайтын әрі сыртқа шығаратын «Тәртіп» АҚ-ның автопаркі де 32 жаңа техника бірлігіне ие болды.
Жаңа техника Алматының жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қысқа мерзім іщінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқыс жағдайлар болған кезде мәселені жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Атап өтерлік жайт, «АлТС» автопаркінде алғашқы ассенизатор да пайда болды, соның арқасында ыстық суды сору кезінде апатты жағдайдың уақытын 15%-ға қысқартады.
Жылжымалы апатты зертханалар барынша үнемді әрі толық жабдықталған. Мұнда миниэлектростанция, дәнекерлеуші агрегат, насосты қондырғы сынды инвентарьлар жеткілікті, ол Euro 4 стандартты бензинімен жүреді, сұйытылған газды да пайдалануға болады, барынша жіті қимылдайды және көшелер мен аулалардағы құбырлардың кемшіліктерін тез табады және жөндейді.
Барлық техника GPS-навигаторымен жабдықталған. Бұл тәуліктік кесте барысында ақау болған жерді тез анықтауға және шақырылған мекенге жедел жетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мегаполистің жылу желісінің ұзындығы 1200 км, оларға 53 көшпелі бригада қызмет көрсетеді. Бірыңғай диспетчерлік қызмет (109) апатты қызметтің жұмыс жеделдігін арттырды, қалалықтарға қызмет көрсету сервисін жақсартты. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде қалада 125 км жылу желісі қайта жасалды, соның арқасында апатты 15%-ға, техникалық шығынды 7%-ға қысқартуға қол жетті.
Тұрмыстық қатқыл қалдықтарды жинайтын және шығаратын «Тәртіп» АҚ-ның автопаркі де 32 жаңа техника бірлігімен жаңартылды. Инвестиция құны 581 млн. теңге.