Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Мақатаев көшесі, 4а мекен жайында орналасқан дәмхана заңсыз деп танылған.
"Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз тұрғызғаны белгілі болды. Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқау берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!