Алматыда жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер оқиғаның видеосын жіберді.
Олар бұл жайт Орталық стадион маңындағы мұз орталығын салу кезінде болғанын жеткізді. Олардың сөзінше, жүргізуші зардап шеккен. Сондай-ақ, куәгерлер "бұрын құрылыс алаңында жертөле болғанын" айтты.
Оқиға орнына полиция барған.
"Бостандық ауданының Полиция басқармасы полиция бөлімі мәліметінше, дерек тіркелді, бастапқы өндіріс материалдары тиісті тексеру үшін еңбек инспекциясына жіберіледі", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Полиция мәліметінше, жүргізуші зардап шекпеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!