Алматыда қала ортасындағы дүкеннен өрт шықты

Алматыда өртсөндірушілер 4 баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Таңертең Наурызбай ауданында Сәкен Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенген.

ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты.

Кәсіби өртсөндірушілер өртті дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!