- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қала орталығындағы...
Алматыда қала орталығындағы саябақ мемлекетке қайтарылды
Алматыда қала орталығындағы саябақ мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 г. жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды.
Талдауда 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын бергені анықталған.
Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.
Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.
2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина