Алматыда қала күніне орай қай көшелер жабылады?

Алматыда қала күніне орай қай көшелер жабылады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматыда Төле би және Қазыбек би көшелерінің кейбір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала күніне орай өтетін мерекелік іс-шараларға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу 17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін күшінде болады.

Бұдан бөлек, 17 қыркүйек сағат 22:00-ден 21 қыркүйек сағат 24:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады.

"Осыған байланысты №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224-автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді", - деді әкімдік өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget