Алматыда қала күніне орай 16-18 қыркүйек аралығында мерекелік іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар және тағы басқасын көре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мерекелік іс-шаралар бір уақытта бірнеше жерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек жолы көшелері, Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда, Астана алаңы және "Алматы Арена" мұз сарайында.
16 қыркүйекте
15.00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында республикалық ақындар айтысы өтеді.
16.00-де "Медеу" мұзайдынында "Medeu Party" халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйекте
Сағат 17.00-де "Астана" алаңында Gakku дауысы заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.
Қаланың барлық ауданында мерекелік концерт өтеді:
Алатау ауданы: "Алатау" дәстүрлі өнер театры алдындағы аумақ;
Алмалы ауданы: Mega Park СОО аумағы;
Әуезов ауданы: Family park аумағы;
Бостандық ауданы: Mega Almaty; Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданының жаяу жүргіншілер аймағы;
Медеу ауданы: Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
Наурызбай ауданы: Шұғыла көшесі, 347 мекенжайындағы әкімдік ғимаратының алды;
Түрксіб ауданы: Сейфуллин атындағы саябақ.
17-18 қыркүйек сағат 11.00-ден бастап Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда (Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы) 1940-жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған "Сүйемін сені, Алматы" фестивалі өтеді.
18 қыркүйекте
11.00-де Тұңғыш Президент саябағында "Алма fest" негізгі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады, соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шара өтеді.
18.00-де Almaty Arena мұз кешенінде Salem Almaty концерті өтеді.
19.00-де "Астана" алаңында Zhuldyzdy Live концерті болады
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!