Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қажымұқан көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

"18 шілдеде сағат 23:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан бастап 8-ші Гвардиялық Дивизия көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget