- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтықтың беті ашылды
![Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтықтың беті ашылды](/userdata/news/news_124052/image_l.jpg)
Фото: depositphotos.com
Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтықтың беті ашылды. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, ол өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, умра қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен.
"Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады ведомство.
Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінді. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес