Алматыда Қабдолов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Қабдолов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда Қабдолов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қабдолов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

14 қыркүйекте сағат 23.00-ден 16 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл жерді Жұмабаев және Төле би көшелерімен айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина