Алматыда 20 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім күн жылынуына байланысты қабылданған.
"Алматыда гидрометеорология қызметі 5 күн ішінде ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан жоғары болуына байланысты қалалық әкімдікпен бірлесіп, 20 сәуірден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудан ажырату жұмысы мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
1) әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар, өзге де ғимараттар;
2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақүйлер);
3) әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!