Алматыда жылу қашан қосылады?

Алматыда жылу қашан қосылады?
Фото: depositphotos.com

Биыл Алматыда күз ерте түсті. Мұны алматылықтардың өзі байқаған. Қала әкімдігі үйлерде жылу қашан қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполис аймағында бес тәулік бойы 8 градус суық болған жағдайда кезең-кезеңімен жылу қосыла бастайды. 

Сондай-ақ ведомство өкілдері жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес жылу қосу уәкілетті органның қаулысы негізінде басталатынын айтты.

Жылу беру мына кезекпен жүреді:

  • алдымен балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • соңында басқа ғимараттарда жылу қосылады.

Әзірге жылу қосылатын нақты бір күн жоқ. Ол ауа райы мен құзырлы органның шешіміне байланысты болмақ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина