Күн күрт суытуына байланысты Алматыда жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 қазанда Алматыда орталық жылыту жүйесіне қосу жұмыстары басталады.
"Бірінші кезекте жылу әлеуметтік нысандарға - балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі", - деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілдері.
Тұрғын үйлерді орталық жылуға қосуды 10 қазанда бастау жоспарланған.
"Үйге жылу берілгеннен кейін ПИК және МИБ мамандары үй ішіндегі жылу жүйелерін ретке келтіреді. Радиаторлар мен тік құбырлардағы ауаны шығарады", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС компания қысқа дайындықты аяқтағанын хабарлады. Кәсіпорын ақау шыққан жағдайға материалдар мен жабдықтар қорын әзірлеп қойған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!