Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды

Алматыда ауа температурасы бес күн қатарынан 8 градусты көрсетсе, жылу ерте беріледі. Бұл туралы қаланың жылу жүйесіне жауапты компания өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, жылу 15 қазаннан бастап ең алдымен әлеуметтік ғимараттарға беріледі. Оның ішінде мектеп, балабақшалар мен ауруханалар бар. Одан кейін тұрғын үйлерге, артынша әкімшілік ғимараттарға беріледі.   

"Алматы жылу желілері барлық қалалық жылу желісінің шаруашылығын алдағы жылу маусымына дайындады. Барлық регламенттік жұмыстар кестеге сәйкес және мерзімінде жүргізілді", - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!