• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда жылу қашан ажыратылады?

Алматыда жылу қашан ажыратылады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда жылыту маусымы жыл сайын гидрометеорологиялық қызмет бес күн ішінде тіркеген орташа тәуліктік температура +8 градустан жоғары болғаннан кейін аяқталады.

Тұтынушыларды жылудан ажырату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • балалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер.

Алайда кейінірек әкімдік 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшірілетінін хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget