Алматыда жылу ертерек қосылады

Алматыда 8 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыда ауа температурасы күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап Алматыда жылу жүйесіне қосу басталады", - деді Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілі.

Ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға, соның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Тұрғын үйлерге 10 қазаннан бастап жылу беру жоспарланған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!